Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан ҚПБ ЖПҚ-нің патрульдік полиция инспекторлары облысымызға енгізілген карантинге байланысты Түркістан қаласында орналасқан блок-бекеттерде әрбір өтіп жатқан көліктерді тоқтатып, құжаттарын тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кезекті қызмет атқару барысында блок-бекетте тұрған полицейлер "Лексус" маркалы автокөлігін тоқтатады. Алайда, көлік жүргізушісі полицейге қарсы түрлі жаман сөздер айтып, балағаттай бастайды.
Тәртіп сақшылары жүргізушіден көліктен шығуын, сабырға келуін сұрайды, бірақ тұрғын заңды талаптарға бағынбай, өзінің дөрекі мінезін көрсете бастайды. Осылайша билік өкілін өз қызметтік міндеттерін атқару барысында қорлап, аузына келгенін айтқан тәртіп бұзушының іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 378-бабының 1 бөлігінде көрсетілген «Билік өкілін қорлау» бойынша тіркелді.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы полицейлері өз кезегінде автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауға, сондай-ақ карантин режиміндегі шектеулерді бұзбауға кеңес береді. Сіздердің саулықтарыңыз үшін қызметте тұрған тәртіп сақшыларына қарсылық танытпауларыңызды ескертеді.