ТҮРКІСТАН: Covid-19 індетінің тәуліктік өсімі 0,07 %-ды құрады

0
567

Соңғы тәулікте 1165 адам екпе салдыруға ниет білдірген.


ТҮРКІСТАН: Covid-19 індетінің тәуліктік өсімі 0,07 %-ды құрады

Түркістан облысында 12 адамда COVID-19 індеті анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр. Түркістан облысында 1024989 адам екпе қабылдады. Екінші компонентпен 963612 адам вакцина алса, кейінгі тәулікте 1165 адам екпе салдыруға ниет білдірген.


Сондай-ақ, соңғы тәулікте Түркістан облысында 12 адамда COVID-19 індеті анықталып, тәуліктік өсім 0,07 %-ды құрап отыр. Облыста пандемия басталғалы 1 133 798 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Ал, жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар болса, оның 623-і бос тұр. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 621 жағдай тіркеліп, олардың 7713-де ауру симптомсыз өткен.


Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.