ТҮРКІСТАН: Дәрігерлер үш жасар қыздың саусақтарын жалғап берді

0
454

Саусағын еттартқыш шайнап кеткен


ТҮРКІСТАН: Дәрігерлер үш жасар қыздың саусақтарын жалғап берді

Түркістандық дәрігерлер үш жасар қыздың бөлшектенген саусақтарын жалғап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері саусағын еттартқыш шайнап кеткен бүлдіршінге бірнеше күрделі ота жасады. Қолы қатты зақымданған үш жасар қыз бес айдан бері ауруханада ем қабылдауда.


Оқыс жағдай 2024 жылдың наурыз айында болған. Белгілі болғандай, зардап шеккен бала анасының жанында ас үйде жүрген кезде электронды еттартқыш баланың қолын тартып кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, науқас ауруханаға қолы еттартқышқа кептелген күйінде жеткізілді. Саусақтарын ет тартқыш шайнап кеткен қызды дәрігерлер Сайрам ауданынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына санавиация желісімен ауыстырған.


Түркістан облыстық балалар ауруханасындағы білікті дәрігерлері Ғалым Байтөре және Оралбаев Нұрлыбек бүлдіршінге нэкректомия және тері алмастыру отасын жасап, зақымданған саусақтарын хирургиялық жолмен қайта қалпына келтіріп берді.