ТҮРКІСТАН: Дархан Сатыбалды Отырардағы тарихи нысандармен танысты

0
975

Тарихи өлкеде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.


ТҮРКІСТАН: Дархан Сатыбалды Отырардағы тарихи нысандармен танысты

Түркістанда Орталық сайлау комиссиясы төрағасының қатысуымен көшпелі семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


10 наурыз күні Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Отырар ауданында халықпен кездесуі өтті. Тарихи өлкеде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.


Халықпен кездесуінде ол Отырар өңірі Түркістан қаласымен бірге дамитындығын жеткізді. Өйткені туристік әлеуеті өте жоғары екендігін әрі Қасиетті Арыстан баб кесенесі, Отырар қалашығы және өзге де тарихи орындар саяхатшыларды қызықтыратынын атап өтті.


Облыс әкімі Отырар ауданындағы жұмыс сапарында Отырар қалажұртындағы тарихи нысандармен танысты. «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы директорының міндетін атқарушы Ж.Махашов 2020-2022 жылдар аралығындағы Отырар қалашығын ішінара зерттеу, сақтау, қайта қалпына келтіру жобасы аясында атқарылған жұмыстармен таныстырып, алдағы атқарылатын жоспарларын атап өтті.


Дархан Амангелдіұлы танысу барысында тарихи құндылықтарымызды насихаттау мақсатында Отырар қалашығын туристерге тиімді қызмет көрсету үшін пайдалану керектігін атап өтті. Сондай-ақ, музей-қорық қызметкерлеріне жұмыстарына сәттілік тіледі.