​ТҮРКІСТАН: Ерекше білім беруді қажет ететін 500-ден астам бала қашықтықтан білім алып жатыр

0
945

Балалардың әрқайсысы планшетпен қамтамасыз етілген.


​ТҮРКІСТАН: Ерекше білім беруді қажет ететін 500-ден астам бала қашықтықтан білім алып жатыр

Түркістан облысында ерекше білім беруді талап ететін балаларға 7 арнайы мектеп қызмет көрсетеді.Оның ішінде зерде бұзылыстары бар балаларға 3 мектеп-интернаты, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған 1 және сөйлеу қабілеті нашар оқушыларға арналған 3 білім ұясы бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған мектеп- интернеттарында жалпы 1377 бала білім алуда. Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының мәліметінше, барлық мекемелер психологиялық-педагогикалық түзету көмегімен қамтылған. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты балалардың 500-ден астамы қашықтықтан білім алуда. Әрқайсысы планшетпен қамтамасыз етілген.

Мектеп-интернаттары халық арасында сырқаттанушылық деңгейінің тұрақты төмендеу үрдісі байқалса, санитарлық талаптарды сақтай отырып аралас және штаттық оқыту форматтарына біртіндеп көшуі жүзеге асырылады.