ТҮРКІСТАН: Ертай Алтаев Сарыағаштағы өзекті мәселелерді саралады

0
609

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану қажеттігін ескертті.


ТҮРКІСТАН: Ертай Алтаев Сарыағаштағы өзекті мәселелерді саралады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары сарыағашқа жұмыс сапарымен барып, өзекті мәселелерді саралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Сарыағаш ауданына арнайы іссапармен барды. Сапар барысында аудандық орталық мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, мешіт жамағатымен жүздесті. Онда шекаралық аймақтағы халқы тығыз орналасқан Сарыағаш ауданының стратегиялық маңызы зор екеніне тоқталды. Ел бірлігін сақтауда руханият саласының өкілдеріне де артылар жүк көп екендігі туралы айтып, халықты ауызбіршілікке, ынтымаққа жетелеуде белсенді болуға шақырды.


Содан кейін күрделі жөндеуден өтіп, 2023 жылы пайдалануға берілген 400 орындық аудандық мәдениет үйінің жағдайымен танысты. Ертай Кенжебекұлы мәдениет үйі жанынан үйірмелерді көбейту керектігін, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану қажеттігін ескертті.


Одан аудандағы 46 мың кітап қоры бар орталық кітапхананы аралаған облыс әкімінің орынбасары кітапханашыларға заманауи тың идеяларды тауып, оқырмандарды қызықтыру жолдарын қарастыру қажеттігі туралы ойларымен бөлісті. Кітапханадағы интернет жүйесі мен білім орталығын қарап шығып, оқырмандар үшін жасалған жағдайды дұрыс бағалады. Алдағы уақытта кітапхана қорын сұранысқа ие кітаптармен көбейту бағытында жұмыстарды жандандыруға назар аударатындығын атап айтты.


Іссапар соңында аудандық «Жастар ресурстық орталығына» барған облыс әкімінің орынбасары жастармен жүздесті. Жас өскінді кез келген жағдайға бейімделе алатын азаматтар болуы үшін түрлі шараларға тарта отырып, NEET санатындағы жастармен көбірек жұмыс істеуді тапсырды. Сондай-ақ мектеп бітіруші түлектерге «Серпін» бағдарламасын кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізе отырып, жастарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан түрлі бағдарламаларға тартуға басымдық беру қажеттігін жеткізді.