ТҮРКІСТАН: Қабірхана есігіндегі алтын, күміс өрнектер қайта пайда болып жатыр

0
951

Жазуларда аяттан үзінділер және хадистер мен даналық сөздер кездеседі.


ТҮРКІСТАН: Қабірхана есігіндегі алтын, күміс өрнектер қайта пайда болып жатыр

Ортағасырлық қабірхана есігіндегі алтын, күміспен жасалған өрнектер қайта пайда бола бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Алматы қаласындағы "Қырым аралы" ғылыми-реставрациялық зертханасымен танысып, тәжірибе алмасуда. Қорық-музейдегі жәдігерлердің күтіп,сақталуына жауапты қор сақтаушы Дәулетияр Адиев және суретші-реставраторлар Еділ Муташев пен Нұржан Таджибаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қабірхана бөлмесіндегі ортағасырлық есікті реставрация жасау жұмыстарына қатысты.


"Есіктің реставрация, консервация жұмыстары жәдігердің зақымдалу дәрежесіне қарайбес немесе алты кезеңнен тұрады. Нақты қанша кезеңнен тұратынын тап басып, ешкім айта алмайды. Ең бірінші кезеңі кір,топырақ, тағы да басқа есіктің негізгі құрамынан бөлек зиянды заттардан тазалау жұмыстары көп", - дейді реставрация маманы Қырым Алтынбеков.


Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ең құнды жәдігерінтөл қалпына келтіру жұмысына қатысып жатқан қорық-музей қызметкерлері қызықты жағдаймен бөлісті.


«Есіктегі темір құрсауларды арнайысұйықтықпен тазарту барысында тот астынан алтын, күміспен жазылған жазулар мен өрнектер көріне бастады. Тарихи жазуларға зақым келмесі үшін Қырым аға өзі сағаттап жұмыс жасап жатыр. Бұл сәт-біз үшін, қорық-музей үшін тарихи сәт. Себебі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі ортағасырдан жеткен ұлы мұра. Ғасырлар бейнесін көрген ағаш жәдігер өзінің төл қалпынан айнып, биологиялық қартаю процесіне ене бастапты. Ағаштың бетін жауып қалған көп ғасырлық ластанудан бөлекбір кездері бүлінген өрнектерді бекіту үшін олардың орны белгісіз мастикамен толтырылған екен. Жәдігеріміз қаншама ғасырлық бейнесіне оралып келе жатқаны қуантты», - дейді "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің қор сақтаушысы Дәулетияр Әдиев.


Алматы қаласындағы іссапар барысында ағаш, металл, қағаз түріндегі түрлі мұраларды реставрация жасау, сақтау мәселелері бойынша да тағылымдама жүргізілетін болады. Білікті мамандардан кеңес алып, шеберлікті шыңдау тарихи мұраларды болашаққа бүлдірмей аманаттау ісінде жан-жақты тәжірибеге ерекше ықпал етеді деп күтілуде.


Айта кетсек, кесенедегі XIV ғасырдан сақталып келе жатқан екі есіктің бірі қабірхана есігі. Бұл есік ортағасырлық оюлы есіктердің тамаша үлгісі болып табылады. Есік екі жақты ашылады, ұсақ сүйектермен әшекейленіп ергенектері қаңылтырмен қапталып, ондағы жазулар алтынмен апталған.Есіктің жоғарғы жағындағы екі шаршының ішінде ойылып өрнектелген гүл мен жапырақтардың арасында сулус қолтаңбасымен жазылған Пайғамбардың (ғ.с) хадисі орын алған. Есіктің ортаңғы бөлігінде, жарты бағанада куфа қолтаңбасымен парсы тілінде жазылған жазу: «Құтты болсын», — деген сөз. Жазулардың көп бөлігі өшіп қалған, жартылай оқылады немесе кейбір сөздері мен әріптері ғана оқуға келеді, жазуларда аяттан үзінділер және хадистер мен даналық сөздер кездеседі.