Түркістан қаласында 6 мыңға жуық пәтер беріледі

0
163

3 679 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылған.


Түркістан қаласында 6 мыңға жуық пәтер беріледі

Түркістан қаласында биыл 6 мыңға жуық пәтер беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков айтты.


«Биыл жалпы 5 966 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ал 9 айда 294 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 2023 жылы бюджет есебінен 66 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 59 үйді халық игілігіне беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жеке инвестициялар есебінен 46 үйдің құрылысы басталған. Одан бөлек, жаңадан салынатын 800 пәтерлі 20 тұрғын үй халық игілігіне 1 шаршы метрі 220 мың теңгеден несиеге берілетін болады. Сонымен қатар, кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 187 пәтерді сатып алуға 1,8 млрд теңге қарастырылып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүруде», - деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.


Бұдан бөлек, 2023 жылдың 9 айында Түркістан қаласында 3 679 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылған. Сондай-ақ, 535 жас түлек -«Жастар практикасымен», 102 жас - алғашқы жұмыс орнымен, 175 азамат – «Күміс жас» жобасы аясында жұмыспен қамтылған. Ал 1 242 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданды. Сонымен қатар, 150 тұрғынның бастапқы бизнес жоспарларына қайтарымсыз грант қаражаты берілді.