​Түркістан қаласында екі қабатты тұрғын үй өртенді

0
886

Алдын ала болжам бойынша, бірінші қабатта орналасқан пәтерде балалар терезе алдында жинаулы картон қораптарын өртеген​.


​Түркістан қаласында екі қабатты тұрғын үй өртенді

Түркістан қаласында екі қабатты тұрғын үй өртенді. Бірінші қабаттан шатырға бір ақ шарпыған қызыл жалын балалардың өртпен ойнауынан тұтанған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жалпы аумағы 481 шаршы метр болатын 16 пәтерлі үйдің 270,5 шаршы метрі өртке оранған. Алдын ала болжам бойынша, бірінші қабатта орналасқан пәтерде балалар терезе алдында жинаулы картон қораптарын өртеген.

"Түркістан қаласы Т.Бокин көшесінде орналасқан 2 подъезді үйдің 4 пәтері мен метлочерепицадан жасалған шатырының 195 шаршы метрі өрт құшағында қалған. Кезекшілік пультіне сағат 18.25-те өрт туралы хабарлама кеп түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер сағат 19.48-де өртті ауыздықтаған. Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері өрт құшағында қалған үйден 24 тұрғынды эвакуациялаған. Оның 6-уы балалар. Жарақат алған немесе қайтыс болғандар жоқ,"- деп хабарлайды Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт шыққан үйдің тұрғындары қаладағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебіне орналастырылған.
"Тұрғындардың бәрі аман. Өрттің себебі анықталуда. Әкімдік тарапынан бұл үйдің жөндеу жұмыстарына көмек көрсетілетін болады.
Мен де оқиға орнына барып, жерлестерімізбен сөйлестім. Қиын жағдайда қалған тұрғындарымызды қолдау ретінде жатын орын және ыстық тамақпен қамтамасыз етеміз,"- дейді Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов.