ТҮРКІСТАН: Карантин талабын бұзғандарға 1 млн. теңгеден астам айыппұл салынды

0
684

«Омикрон» штамы әлемнің 130-ға жуық елінде тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Карантин талабын бұзғандарға 1 млн. теңгеден астам айыппұл салынды

Түркістан облысында жыл басынан бері карантиндік және шектеу талаптарын бұзу фактілері бойынша 23 әкімшілік хаттама толтырылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан жыл басынан бері карантиндік және шектеу талаптарын бұзу фактілері бойынша 23 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Коронавирустық инфекцияның өсуіне елде «омикрон» штамының таралуы әсер етіп жатыр. ДДСҰ мәліметі бойынша «омикрон» штамы әлемнің 130-ға жуық елінде тіркелген.


Сонымен бірге, елді-мекендерде бетперделік режимнің және әлеуметтік ара-қашықтықтың сақталмауы, той-жиындар мен отырыстар тиылмай, халықтың көптеп шоғырлануы да кері әсерін тигізуде. Осы орайда Өмірзақ Шөкеев аудан, қала әкімдеріне жоғарыда аталған мәселелерді назарға алып, вирустың таралуын шектеу бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.