ТҮРКІСТАН: Карантинде құдалық өткізгендер ұсталды

0
1 029

Мейрамхана жұмыс істеп, ішінде адамдар топтасып отырған.


ТҮРКІСТАН: Карантинде құдалық өткізгендер ұсталды

Түркістан облысы полицейлері карантин талаптарын сақтамай, құдалық өткізуге рұқсат берген мейрамхананы анықтады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық полиция бөлім, басқарма қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарларда, кафелерде карантин талаптары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Арнайы көліктермен көше-көшені аралап, қауіпсіздік шараларының, арақашықтықтың сақталуын дауысүдеткішпен ескертңп, кәсіпкерлерге санитарлық режимді сақтау қажеттігі ескертілуде. Ал, қоғамдық орындарға келуші тұрғындарғаүнемі бетперде мен қолғап, антисептик секілді санитарлық құрал-жабдықтарды қолданыпжүру тиістілігі насихатталып жатыр.

Осы орайда Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейд жүргізу кезінде қала көшелерінің бірінде орналасқан мейрамхананың жұмыс істеп, ішінде адамдар топтасып, құдалық өткізіп жатқанын анықтады. Осы заңсыздық бойынша қажетті материалдар жинақталып, әкімшілік шара көру үшін Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жіберілген.

Алдағы уақытта да полицейлер кәсіпкерлерге карантинге байланысты шектеулерді ескеруін ұғындырып, қадағалап, рейдтік шараларын үздіксіз ұйымдастырып отыратынын болады.