Аймақтағы күл-қоқысты жинап, арық-атыздың жағалауларын тазалады.
Кентаудағы «Қаратау» қорығында жаппай тазалық шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кентаудағы Хантағы ауылына қарасты "Қаратау" мемлекеттік табиғи қорығы маңайында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында кезекті тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Тазалық барысында экобелсенділер аймақтағы күл-қоқысты жинап, арық-атыздың жағалауларын тазалады.
"Таза бейсенбі" апталық шарасына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатына Кентау қаласынан сайланған депутат Қалыйма Жантөреева бастап келсе, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қызметкерлері, мекемелер мен ұйымдардың ұжымдары, қалалық маслихат депутаттары, жергілікті жанашыр азаматтары мен қала жастары атсалысты.
Қазыналы Қаратаудың етегін алып жатқан табиғи қорық – еліміздің жауһары саналады. Қазақстанда сирек кездесетін өсімдіктердің алуан түрі осы аймаққа ғана тән. Эндемикалық өсімдіктер жамылғысының көптігі бұл аймақты ботаникалық ғылым үшін қызықты әрі ерекше өлке деп белгілейді.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясы апта сайын, тұрақты түрде «Таза бейсенбі» шарасын жүргізіп келеді. Партия белсенділері бастаған игі шараны жергілікті тұрғындар қолдап, тазалық жұмыстарына белсене кірісті.