ТҮРКІСТАН: Кәріз жүйесімен қамту бойынша 11 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр

0
309

17 жоба әзірленген.


ТҮРКІСТАН: Кәріз жүйесімен қамту бойынша 11 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр

Түркістан қаласын кәріз жүйесімен қамту жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған абоненттер саны – 16 336, бұл қала тұрғындарының 36,5%-ын құрайды. Аталған көрсеткішті жыл қорытындысымен 55,8%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Осыған сай, бүгінде 17 жоба әзірленіп, 11 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.


Сонымен қатар 4 нысан құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Олар: «Шавгар» ықшам ауданы Ортақ тұрғын алабына сарқынды су желісін салу (3-кезек); «Баянауыл» шағынауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысы; №14 пен №15 КНС аралығындағы сарқынды су жүйесінің құрылысы; «Яссы» шағын ауданы, Бірлік тұрғын үй массивіндегі кәріз жүйелерінің құрылысы (2-кезек). Сондай-ақ тағы да 4 нысанға жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда шаһар аумағын сарқынды су желісімен қамтамасыз ету көрсеткіші 95%-ға жетеді.