ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымша іске қосылады

0
912

300-ден аса кәсіпкер қызығушылық танытып отыр.


ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымша іске қосылады

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры «Ashyq» атты мобильді қосымшасын таныстырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков карантин кезінде кәсіпкерлік нысандарына арналған жаңа «Ashyq» атты мобильді қосымшасын таныстырды. Оның айтуынша, 26 сәуірден бастап жұмысын бастайтын «Ashyq» пилоттық жобасына Түркістан облысынан 300-ден аса кәсіпкер қызығушылық танытып отыр.

«Бұл қосымшаның енгізудегі басты мақсат – QR-код және ПТР ортақ базасымен кез келген қоғамдық орынға келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, азаматтың короновирус инфекциясын жұқтырған не жұқтырмағанын анықтайды. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы QR -кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Кәсіпкерлік нысан келушінің мәртебесін ғана көреді, жасыл, көк, сары немесе қызыл болып көрінеді. Қызыл түс - егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек. Сары түс - науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады. Көк түс - ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан басқа барлық жерге бару рұқсат. Жасыл түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі», - деді Тимур Арсенұлы.

«Ashyq» бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлер QR-кодты алу үшін infokazakhstan.kz сайтында өтініш беру керек. Жоба талаптарына сәйкестікті тексерілген соң жеке кабинетте код пайда болады, аталған код арқылы қосымшамен жұмыс істеуді үйрену және сынақ режимінде 1 апта бойы жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі. Бұл қосымша кәсіпкерлерге өз қызметін жалғастыруға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік бермек.