ТҮРКІСТАН: Қазығұртта 2 медициналық нысанның құрылысы аяқталуға жақын

0
258

Нысанды қазан айында ел игілігіне пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта 2 медициналық нысанның құрылысы аяқталуға жақын

Қазығұрт ауданында 2 медициналық нысанның құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысына қарасты елді мекендерде бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысандардың саны артуда. Қазығұрт ауданында, Сарапхана ауылдық округіне қарасты Махамбет елді мекенінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы жеке инвестор есебінен фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Фельдшерлік-акушерлік пункт аусымына 15 адам қабылдауға арналған. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталды. Нысанды қазан айында ел игілігіне пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.


Жалпы құны 120,9 млн теңгені құрайтын ғимараттың ауданы 250 шаршы метр. Қазіргі уақытта ғимарат аумағын абаттандыру, газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Махамбет елді мекенінде жалпы халық саны – 1390 адам.


Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округі, Майлыошақ елді мекенінде жеке кәсіпкер қаражатынан медициналық пункт салынып жатыр. Денсаулық сақтау ғимараты ауысымына 10 адам қабылдауға арналған. 2024 жылдың мамыр айында құрылысы басталған нысанды қазан айында аяқтау жоспарланып отыр. Ғимарат ауданы – 200 шаршы метр. Жоба құны – 89,0 млн теңге. Қазіргі уақытта ғимарат аумағын абаттандыру, газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендегі тұрғындар саны – 498 адам.


Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында Түркістан облысы аумағындағы 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған.

Бөлісу