Ауыл халқы қуанышқа бөленіп отыр.
Қазығұртта қос елді мекен табиғи газбен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазығұрт ауданында екі елді мекенге табиғи газ тартылып, ауыл халқы қуанышқа бөленіп отыр. Атап айтқанда, Шанақ ауыл округінен Шанақ станциясы елді мекені мен Сарапхана ауыл округіне қарасты Бақабұлақ елді мекені тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Республикалық бюджет есебінен іске асқан нысанды іске қосу шарасына аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарының қуаныштарын бөлісті.
Айта кетейік, Шанақ станциясы елді мекенінде 234 тұрғын үйде жалпы саны 1 491 адам бар болса, Бақабұлақ елді мекенінде 29 тұрғын үйде жалпы саны 168 адам тұрады.