ТҮРКІСТАН: Қазығұртта облыстық ән байқауы өтті

0
737

Өнер додасына мәдениет майталмандары төрелік етті.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта облыстық ән байқауы өтті

«Қазығұрт – менің елім-ай» атты облыстық ән байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында белгілі әнші, сазгер Райымқұл Темірбаевтың 75 жылдығына арналған «Қазығұрт – менің елім-ай» атты облыстық ән байқауы өтті.


Авторлық, ел аузынан жинақтаған әндерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға Шымкент қаласынан және облыстың аудан, қалаларынан жалпы саны 15 үміткер қатысты. Өнер додасына мәдениет майталмандары төрелік етті.


Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Қазығұрт ауданынан Байтұрсынов Нұрхан, І орынды Ордабасы ауданынан «Дарын» квартеті, ІІ орынды Шымкент қаласынан Әшірбек Жандос, ІІІ орынды Сауран ауданынан Тулемисов Нұрсұлтан және Шардара ауданынан Құралбаев Абзал иемденді. Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының арнайы жүлдесімен Сарыағаш ауданынан Бұхарбаев Нұрлыбек, Қазығұрт ауданы әкімінің арнайы жүлдесімен Қазығұрт ауданынан Тұрғынбек Бекзат, «Үздік әнші» номинациясымен Төлеби ауданынан Ағабек Бақдаулет және Қасенов Қуат марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы сертификаттар мен дипломдар табысталды.


Атаулы ән байқауына Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, келген қонақтар мен көрерменге Райымқұл Темірбаевтың өнегелі өмірі мен ел абыройын көтерген еңбектері жайлы айтып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.