ТҮРКІСТАН: Қазығұртта табиғи тыңайтқыш өндіру дамып жатыр

0
580

Құнарлы топырақ тамырлы көкөніс өсіруде өнімді арттырады.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта табиғи тыңайтқыш өндіру дамып жатыр

Қазығұрт ауданында шылаушын құртын өсіріп, құнарлы тыңайтыш өндіру кеңінен етек жайып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазығұрт ауданында шылаушын құртын өсіріп, құнарлы тыңайтыш өндіру кеңінен етек жайып келеді. Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінің тұрғындары жеке тұрғын үйінің ауласында калифорниялық (шылаушын) жер тыңайтуға арналған қызылқұрт өсіріп жатыр. Бұл кәсіптің тиімділігі - калифорниялық шылаушындар малдың көңін "жеу" арқылы құнарлы қара топыраққа айналдырады. Дайын болған биогумусты алқапты егіншілікте, жылылайларда пайдаланған өте қолайлы. Құнарлы топырақ тамырлы көкөніс өсіруде өнімді арттырады.


Биогумус өндіруге бел буған Тастанова Дамира 30 шаршы метр көңде 90 мың шылаушын, Сарманова Ләйла 20 шаршы метр көңде 60 мың шылаушын, Дүйсебеков Акылбек 30 шаршы метр көңде 90 мың шылаушын асырап отыр. Орта есеппен 30 шаршы метр көңнен 4 куб биогумус өндіріледі. Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына өте тиімді, көп қаржылық шығынды қажет етпейтін кәсіп түрін тұрғындар дамытуды жоспарлап отыр.