ТҮРКІСТАН: Қазығұрттықтар жалғызбасты анаға баспана сыйлады

0
573

Бұл қайырымды отбасының бірінші ізгілігі емес.


ТҮРКІСТАН: Қазығұрттықтар жалғызбасты анаға баспана сыйлады

Қазығұрт ауданының азаматтары жалғызбасты, тұрмысы төмен анаға баспана сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Қ.Әбдалиев ауыл округі, Рабат елді мекенінің тұрғындары Нәлібаевтар отбасы демеушілік жасап, елді мекеннің жалғыз басты тұрмысы төмен анаға баспана сыйлады. Бұл қайырымды отбасының бірінші ізгілігі емес. Нәлібаевтар отбасы бұдан бұрын да бірнеше жағдайы төмен отбасылар мен осал топтағы ауыл адамдарына баспаналар сыйлап, көмек қолын созып жүрген.


Баспана кілтін табыстау салтанатына аудан әкімі Азизхан Исмаилов қатысып, демеушілік жасап отырған отбасыға алғыс айтып, ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ жаңа шаңырақ иесімен қуанышын бөлісті.


Нәлібаевтар отбасы бұл ісімен көпшілікке үлгі болып қана қоймай, халықтың алғысына бөленген.