​ТҮРКІСТАН: Кеден бекеттері арқылы бюджетке 14 млрд теңгеден астам түсім түскен

0
1 483

2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша кеден бекеттері 2 млн 363 мың 329 жеке тұлғаға қатысты кедендік бақылау жүргізген.


​ТҮРКІСТАН: Кеден бекеттері арқылы бюджетке 14 млрд теңгеден астам түсім түскен

2022 жылдың бірінші жарты жылдығында кедендік баждар мен салықтардың түсімі бойынша бюджеттің орындалуы 101,2% құрады. Нақты 14 млрд 125 млн 161 мың теңге өндірілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Серік Мелдеханұлы мәлімдеді.

2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша кеден бекеттері 2 млн 363 мың 329 жеке тұлғаға қатысты кедендік бақылау жүргізген. Оның ішінде: елімізге 1 млн 147 мың 340 жеке тұлға кірсе, 1 млн 215 мың 989 жеке тұлға шекарадан шыққан. Есепті кезеңде, кеден бекеттерінде 2 452 әкімшілік іс қозғалып, айыппұлдардың жалпы сомасы 73 млн 903 мың 323 теңгені құраған. Техникалық құралдарды қолдану арқылы 705 әкімшілік іс анықталып, 26 млн 697 мың 570 теңге сомасына айыппұл салынды.
2022-2024 жылдары Түркістан облысы Қазақстан-Өзбекстан шекарасында орналасқан «Қазығұрт», «Қапланбек» және «Атамекен» өткізу пункттерін жаңғырту, техникалық толық жарақтандыру жұмыстарын жүргізу көзделген. Бұл жоба бойынша кеден бекеттерінің аумағы кеңейеді. Жеке азаматтар мен автокөлік құралдары кедендік бақылаудан аз уақыт ішінде өтуіне жағдай жасалады. Сондықтан барлық кедендік бақылаудың техникалық құралдары заманауи үлгілерге ауыстырылады.