ТҮРКІСТАН: Келес ауданының әкімі ғасыр жасаған кейуананы құттықтай барды

0
2 464

25 шөпшек көрген апа 100-ге келлді.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданының әкімі ғасыр жасаған кейуананы құттықтай барды

Бүгін Түркістан облысы, Келес ауданында ғасыр жасаған алтын құрсақты ананы аудан әкімі мерекесімен құттықтай барды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ

Абай ауылының тұрғыны Абдиразакова Ханифа анамыз биыл 100-ші көктемін қарсы алып отыр. Ол 1919 жылы 8 наурызда Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) Келес ауданы Абай ауылында дүниге келген. 1937 жылы Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны Разық Абдиразақовпен отбасы құрыпты. Отбасында 9 ұл-қызды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген. Қазіргі уақытта 9 ұл-қыздан 32 немере, 59 шөбере, 25 шөпшектің қызығын көріп отыр. Апамыз зейнеткерлікке шыққанға дейін Чапаев савхозында ауыл шаруашылық саласында жұмысшы болып істеген екен.

Осы орайда Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында көп балалы, алтын құрсақты Ханифа Абдиразакова апамыздың үйіне арнайы барып, сыйлықтары мен гүл шоқтарын табыс етіп, құттықтап қайтты.