Жалпы құны 51 млрд. теңгені құрайды.
Түркістан облысына қарасты Келес ауданында 2023-2025 жылдары аралығында 4 инвестициялық жоба іске асырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысына қарасты Келес ауданында 2023-2025 жылдары аралығында жалпы құны 51 млрд. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылады деп күтілуде.
Инвестициялық жобалардың қатарында 5 филиалдан тұратын «Нұрболат» өндірістік кооперативі де бар. Бүгінде құны 3 млрд. теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аталған өндіріс ошағының филиалдары Абай ауылына қарасты Біртілек, Ошақты және Ұшқын ауылдық округтерінде бой көтермек.
Бүгінде Абай ауылы Біртілек елді мекенінде орналасқан «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы аяқталып, өз жұмысын бастады. Сондай-ақ алдағы уақытта орталықта 200 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Айта кетейік, ел әлеуетінің жақсаруына тың серпін беретін инвестициялық жобалардың бірегейі ретінде «UBS KZ» және «UBS Solar» компанияларын айтуға болады. Аталған өндіріс ошағының құны 5,6 млрд. теңгені құрайды. Жалпы аумағы 50 гектар жерді қамтитын күн электр станциясының құрылысы басталды. Жауапты мамандардың мәліметінше, жобаның құрылысы биыл толықтай аяқталып, орталық 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ.
Айта кететіні, Келес ауданында еліміздегі ең үлкен жылыжай кешенінің кірпіші биыл сәуір айында салынған болатын. 500 гектар аумақта қамтитын жылыжайлар жобасын «ЭКО-культура» компаниясы жүзеге асыратын болады. Оның ішінде, 51 гектардан астам жер учаскесінде жылыжай кешенінің құрылысын 2023 жылы бастау көзделуде. Жобаның 1-кезеңінің құны 42 млрд. теңге құрап отыр. Ал аталған өндіріс ошақтарында жалпы 700-ге тарта тұрғынды жұмыспен қамту жоспарланған.
Оған қоса, Келестік тұрғын 200 млн. теңгеге ауданан қонақ үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізеді. Жоба келесі жылы іске қосылып, 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.