Ел ағалары мен демеушілер «Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж жандарға көмек қолын созды.
Келесте «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Келес ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде жергілікті тұрғындар мен сырттан келген қонақтар оқу құралдарын, киім-кешектерді арзан бағаға сатып алды.
Аудан орталығында орналасқан «Жеңіс» саябағында өткен жәрмеңкеге Шымкент және Сарыағаш қалалары мен Абай ауылындағы сауда орталықтарының кәсіпкерлері қатысты. Ел ағалары мен демеушілер «Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж жандарға көмек қолын созды.
Бүгінде аудан көлемінде қайырымдылық іс-шарасына жергілікті демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік ұйымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ биыл кәсіпкерлермен бірлесіп, шалғайдағы елді мекендерге көшпелі мектеп автодүкендерін ұйымдастыру қолға алынды.