ТҮРКІСТАН: Келестегі ескі көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

0
547

Көпірдің жағалаулары шайылып, қауіпті жағдайға жеткен.


ТҮРКІСТАН: Келестегі ескі көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Келес ауданындағы ескі көпір күрделі жөндеуден өткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-21 «Қошқарата-Бесқұбыр-Жамбыл-Жүзімдік-Жаңадәуір-А15» автомобиль жолының 39+900 шақырымындағы (Жаңадәуір е/м) көпірдің ені 4,5 метрді құрайды. Қазіргі уақытта аталған көпірдің жағалаулары шайылып, қауіпті жағдайға жеткен.


Бүгінгі таңда, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Қошқарата-Бесқұбыр-Жамбыл-Жүзімдік-Жаңадәуір елді мекендерін жалғайтын күре жолдың бойындағы көпірді күрделі жөндеуден өткізуге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жөндеу жұмыстарын жүргізуге мердігер мекеме «Корпорация Береке А» ЖШС анықталды. Қазіргі таңда келісімшарттар рәсімделіп жатыр.


Нысанның жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес, күрделі жөндеуден өткізілетін көпірдің ұзындығы 54 метр, ені 14 метрге жеткізіледі.