ТҮРКІСТАН: Кентауда «Тең қоғам» бөлімі ашылды

0
820

«Тең қоғам» бөлімінің мақсаты - мүгедектерге психологиялық көмек көрсету, кәсіптік бағытта және жұмысқа орналасу бойынша қызмет түрлерін ұсыну, әлеуметтік қызметтер порталында өзіне қажетті құрал таңдауға көмектесу.


ТҮРКІСТАН: Кентауда «Тең қоғам» бөлімі ашылды

Кентаудағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Тең қоғам» бөлімі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Тең қоғам» бөлімі ашылды. «Тең қоғам» бөлімінің мақсаты - мүгедектерге психологиялық көмек көрсету, кәсіптік бағытта және жұмысқа орналасу бойынша қызмет түрлерін ұсыну, әлеуметтік қызметтер порталында өзіне қажетті құрал таңдауға көмектесу. Онда мүгедектерге арналған кітапхана, дойбы, шахмат инвентарлары және йога бөлмесі қарастырылуда. Мүгедектігі бар адамдармен кәсіпкерлік бағытта тренинг пен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жоспарланып отыр.


Аталған бөлімде - мүгедектерге санаторлы курортты емделумен, инватакси және әлеуметтік такси қызметімен, құлағы кеміс еститін мүгедектерге ымдау тілі маманымен, мүгедек балаларға күндізгі қатынау бөлімшесі мен оңалту орталықтарымен қызмет көрсетеді.


Жалпы онда І және ІІ топтағы мүгедектерге 4 инватакси қызмет көрсетеді, ІІ топтағы мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 3 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді.


Биыл санаторлы курортты емделумен 856 мүгедекке қаржы қарастырылып, шипажаймен қамтамасыз етілу жоспарлануда. Санаторлы курортты емделуге мүгедектер өздерінің электронды цифрлы қолтанбасы (ЭЦҚ) арқылы әлемуеттік қызметтер порталынан шипажай түрін таңдап, бара алады.


Айта кетсек, бөлімде құлағы кеміс еститін мүгедектерге 54 мүгедектігі бар адамдарға 5 ымдау тілі маманы қызмет көрсетеді. Күндіз қатынау бөлімшесіне 54 мүгедектігі бар балалаларға қаржы қарастырылып, «AISHA MEDICAL» ЖСШ келісім-шарт түзіліп, қызмет көрсету жоспарлануда.