ТҮРКІСТАН: Кентаудағы тігін цехы жылына 25 мыңға жуық киім шығарады

0
516

Бүгінгі таңда еліміздегі 4 бірдей ірі Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалаларында арнайы дүкендері бар.


ТҮРКІСТАН: Кентаудағы тігін цехы жылына 25 мыңға жуық киім шығарады

Кентауда жылына 25 мыңға жуық киім шығаратын тігін цехы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Medical style» тігін цехы медициналық киімдердің 25 түрін тігіп шығарады. Бүгінгі таңда тігін цехында жалпы 30-ға жуық адам жұмыс істейді. Жұмыстың іске қосылғанына 1,5 жылдай болғанымен тапсыр берушілердің саны артқан. Бүгінгі таңда еліміздегі 4 бірдей ірі Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалаларында арнайы дүкендері бар.


Тігін цехының басшысы Шавкат Хабибуллаев дәрігер-кардиолог. Бірнеше жыл дәрігер қызметін атқарған ол, бүгінде кәсіпкерлікке бет бұрған. Өзінің туып-өскен ауылы Қарнақтан цех ашып, медициналық киімдер тігіп шығаруда. Мұнда арнайы киімдерді сапалы етіп тігу үшін мықты технолог пен арнайы білімі бар тігінші мамандар қызмет етеді.


Тігін цехының жылдық өнімі тапсырысқа қарай 20-25 мыңға жуық киім шығарады. Сапалы, әрі ыңғайлы киімдерге қажет маталар Түркия елінен алынады. Цех басшысы алдағы уақытта тапсырыстың көбеюіне байланысты тігін цехын ұлғайтуды жоспарлауда.