ТҮРКІСТАН: Кентаулық тұрғын кір жуатын ұнтақ өндіріп жатыр

0
1 621

Бұл кіржуғыш ұнтақтың ерекшелігі құрамында хлор қоспасы жоқ.


ТҮРКІСТАН: Кентаулық тұрғын кір жуатын ұнтақ өндіріп жатыр

Кентауда сапалы кір жуатын ұнтақ шығарылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында ұлағатты ұстаз атанған Жандос Полатбеков кір жуғыш ұнтағын шығаруды қолға алған. Бұл кәсіп түрін ақпан айынан бастап «Lider» атауымен отандық өнім ретінде шығара бастаған. Кір жуатын ұнтақтан бөлек, сұйық гель мен сабын өндіреді. Отандық өнімді шығарудағы басты мақсаты - қазіргі таңдағы шет елден келетін сапасы төмен тұрмыстық заттардан гөрі, зиянсыз төл өнімді өндіру.


«Өзім өте сезімтал болғандықтан аллергиялық асқынулар жиі орын алады. Елімізде біз секілді сезімтал адамдар көп. Содан ой келіп, аллергияға қарсы кір жуатын ұнтақ шығаруды былтырдан бері жоспарлап жүрдім. Биыл қаңтар айында Ташкенке барып арнайы курсты оқып үйреніп келдім. Әрине алғашқы кезде кір жуатын ұнтақты шығару оңай болмады. Себебі, көп қаржыны талап етеді екен. Бірінші кезде үйге жасап көрдім, ойдағыдай шықты. Ешқайсымызға кері әсер бермеді. Содан осы өнім түрін неге көбейтіп шығармасқа деп қолға алдым», - дейді кәсіп иесі.


Бұл кіржуғыш ұнтақтың ерекшелігі құрамында хлор қоспасы жоқ. Теріге сергектік беретін және микробтардан тазартатын глиццерин мен перекис қоспалары қосылады. Тұтынушылардың айтуынша, 3 келі ұнтақ біраз уақыт қолдануға жетерлік. Себебі аз мөлшерде қолдансада әсері жақсы. Кәсіпкер алдағы уақытта ыдыс жуғыш сұйықтықты да шығаруды көздеп отыр.


Айта кетейік, жуырда өткен Түркістан қаласындағы «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік байқау-көрмесіне қатысып, «Қазақстанның үздік тауары» алғыс хатымен марапатталған.