ТҮРКІСТАН: Коронавируспен күресті күшейтуге жылжымалы медициналық кешендер қолданылады

0
957

Шалғай ауылдарды аралап, қызмет көрсетуге кірісті.


ТҮРКІСТАН: Коронавируспен күресті күшейтуге жылжымалы медициналық кешендер қолданылады

Түркістан облысында жылжымалы медициналық кешендер арқылы коронавируспен күрес күшейтілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Кентау қалалық емханасының қызметкерлері жылжымалы медициналық кешенмен шалғай ауылдарды аралап, қызмет көрсетуге кірісті. Таяуда ғана сатып алынған жылжымалы емхананың алғашқы қабылдауы Кентау қаласына қарасты Ескі Иқан ауылының Достық елді мекенінен басталды.

Достық ауылының тұрғындары Кентау қалалық емханасынан келген арнайы мамандар: кардиолог, гинеколог, педиатр, рентген, УДЗ, ЖТБ дәрігерлерінің тексерілуінен өтті. Науқастарға тиісті емдік шаралары мен жолдамалар берілді.

Атап айтар жайт, жылжымалы диагностикалықкешенінегізінде көрсетілетін қызметтер «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тарапынан қаржыландырылды.

Ақ халаттылар коронавирус инфекциясымен күреске аса зейін қойған. Тұрғындардың басым дені өкпелерін заманауи рентген аппаратына түсіріп, індеттің алдын-алу бойынша дәрігерлік кеңес алды. Тексеру барысында Covid-19 инфекциясымен күдікті науқас тіркелген жоқ.

Жалпы, Түркістан облысына коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары аясында алынған 12 жылжымалы медициналық кешен флюрография, ультра дыбыстық аппарат, зерттеулерге арналған анализаторлар, офтальмоскоп, глюкометр және тағы басқа құралдармен жабдықталған. Ауыл тұрғындарының медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыру мақсатында Кентау қалалық емханасының дәрігерлері келесі жылдан бастап бекітілген тізімге сәйкес шалғай ауылдарды аралайтын болады.