Ауруханаға жеткізіп үлгермеген.
Түркістан облысында құдыққа түсіп кеткен қыз көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Күні кеше Түркістан облысында 29 жасар қыз құдыққа түсіп кетіп, оны төтеншеліктер шығарып алғанын хабарлаған едік.
Құтқарушылар қызды алып шыққанда ол тірі болған. Алайда, бірнеше минуттан кейін көз жұмған.
Жәбірленуші дәрігерлерге тапсырылған және медицина мамандары оның қайтыс болғанын мәлімдеген.
Қазір полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.