ТҮРКІСТАН: Мақтааралда мемлекеттік қызметкерлер көше аралап аруларға гүл сыйлады

0
1 447

Мақтаарал ауданы әкімдігінің мамандары мереке қарсаңында Мырзакент көшелеріне шығып, қыз-келіншектерге гүл тарту етті.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда мемлекеттік қызметкерлер көше аралап аруларға гүл сыйлады

Бүгін Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков Тасболатұлы бастаған бірқатар мемлекеттік қызметкерлер мен аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ қызметкерлері Мырзакент және Атакент кенттерінің көшелерінде 8-наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай қыз-келіншектерге гүл таратып, мерекелік тілектерін айтты деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

“Күннің жылуын сіздердің мейірімдеріңіздей бойымызға сіңіріп, жақсылықтың, жайдары мінез, көтеріңкі көңіл-күйдің нышаны болған 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Шаңырақтың шаттығы мен берекесін тасытып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып келе жатқан сіздерге қанша тілек айтсақ та көптік етпейді”, - деді Бейсенбай Тасболатұлы аудан басшысының орынбасары құттықтау сөзінде.

Аймақтағы нәзік жандыларының жасы мен қызметіне, ұлты мен шығу тегіне бөлместен көшеде жаппай гүл таратып, мерекемен құттықтау ісі бірінші рет өткізіліп жатқандықтан алғашында қалжыңға теңеп, сеніңкіремегендер де болды. Әйтсе де, мерекелік ыстық тілек, шынайы ықылас аудан басшыларынан көшеде кездесіп гүл алған жандардың көңілін көтеріп, көктемгі жайма шуақтың лебін сезіндіргендей.