ТҮРКІСТАН: Медициналық мекемелер жедел-жәрдем көліктерімен толықтырылды

0
768

Бұған дейін облысқа пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген.


ТҮРКІСТАН: Медициналық мекемелер жедел-жәрдем көліктерімен толықтырылды

Түркістан облысына 1 000 оттегі концентраторы, 50 ӨЖЖ аппараты, 1 000 пульсоксиметр жеткізілетін болады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін пайдалануға алды. Бұған дейін облысқа пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын.

Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында көрсетілді. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қайырымдылығының бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қажетті жабдықтарды сатып алып, оларды өңірлерге жіберді. Осылайша Түркістан облысына 5 оттегі концентраторы, 50 пульсоксиметр жеткізілді. Сондай-ақ, облысқа Shevrolet Damas маркалы 8 жедел жәрдем көлігі әкелінді.

«Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына «Самұрық-Қазына» АҚ-мен жедел жәрдем көлігі мен медициналық құрал-жабдықтар берілді. Біздің еліміздегі пандемияға байланысты қиын кезеңдерде көрсетілген қолдау үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен және менің әріптестерім үшін халқымыздың денсаулығы үшін күрес – басты парыз. Біз вируспен күресуді одан әрі жалғастырамыз», - деді Түркістан облысы Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Елдос Сұлтанов.

Айта кетейік, мұндай жиынтықтарды әрбір облыс, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар алады. «Бұл шаралардың барлығы біздің медицинамыздың жұқпалы аурулармен, соның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциямен күресуге дайындық деңгейін арттыруға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Еске сала кетейік, Меморандум аясында республикамыздың Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруға 100 жедел жәрдем көлігі, 1 000 оттегі концентраторы, 50 ӨЖЖ аппараты, 1 000 пульсоксиметр жеткізілетін болады.