31000 шаршы метр вело жолақтардың бояуы жаңартылған.
Түркістанда мектептер маңындағы жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында жаңа оқу жылының қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 23 білім ордасының маңындағы жаяу жүргіншілер жСондай-ақ, қыркүйек айына дейін қаладағы барлық мектептің жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылады деп жоспарланып отыр.
Қалалық «Түркістан жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың соңғы 6 айында Б.Саттарханов даңғылы, Ә.Темір, Байбұрт, Тауке хан, С.Қожанов, О.Жарылқапов, Т.Нышанов, Төле Би, Қазыбек Би, О.Жандосов көшелерінің 123,28 км жол сызығы, 7334 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолағы, 31000 шаршы метр вело жолақтардың бояуы жаңартылған.
Қала көшелеріне 1400 дана жол белгілері орнатылды. Жыл соңына дейін жаңа 2500 дана жол белгісі, 5 жаяу жүргіншілерге арналған және 5 транспорттық бағдаршам қойылады. Сондай-ақ, соңғы жарты жылда қала көшелеріне жаңа үлгідегі 105 жаңа автобус аялдамасы орнатылды. Жыл соңына жаңа аялдамалар санын 150-ге жеткізу көзделген.