Шаһар басшысы өз сөзінде білім беру саласында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында көптеген жаңалықтар орын алуда. Электрондық журнал және күнделікті енгізудің есебінен «мектеп – ата-ана - оқушы» байланысы орнағандығын жеткізді.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі», - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, Түркістан қаласының ұстаздары бүгін өздерінің төл мерекелерін атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Айтулы шара қалалық мәдениет үйінде шымылдығын түрді. Мұғалім мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатқан жиынның алғашқы сөзі қала әкімі Әліпбек Өсербаевқа берілді. Шаһар басшысы өз сөзінде білім беру саласында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында көптеген жаңалықтар орын алуда. Электрондық журнал және күнделікті енгізудің есебінен «мектеп – ата-ана - оқушы» байланысы орнады, бұл өз кезегінде ата-ананың бақылауы және олардың оқу процестеріне белсенді қатысуларына мүмкіндік береді. 2018-2019 оқу жылынан бастап 100 пайыз мектептер тек қана электронды күнделік жүйесімен жүргізілетін атап өтіп, ұстаздар қауымын меншікті мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады.
Еткен еңбек текке кетпеген күнде бірнеше ұлағатты ұстаздар марапатталып, мерейлері үстем болды. Атап айтқанда, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдары тарту етілді. Сонымен қатар, мереке иелері Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталса, бірқатары қала басшысының алғыс хатына ие болды. Мерекелік кеш соңы Шымкент қаласынан келген өнерпаздардың дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.