Бір аптаға жалғасатын көрмені музейге келушілер тамашалап, Абай әлеміне саяхат жасайды.
Түркістан облыстық музейінде «Қазақтың бас ақыны» атты көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 179 жыл толуына орай, «Қазақтың бас ақыны» атты көрме ұйымдастырылды. Бір аптаға жалғасатын көрмені музейге келушілер тамашалап, Абай әлеміне саяхат жасайды.
Көрме мақсаты – жастарға ақынның өмір жолындағы күресін, философиялық мәні зор қара сөздерін, өлеңдерін, әндерін, аудармаларын, жалпы рухани асыл-мұраларын насихаттау, Абай мұралары арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу, сонымен қатар, ақынның адамгершілік қасиеттерін үлгі ету.
Айта кетейік, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2020 жылы 10 тамыз – Абай күні болып белгіленді. Сол жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аталып өтті. Еліміздің мерекелік күнтізбесіне енген дәл осы күні әр өңірде шығармаларын насихаттайтын түрлі әдеби-мәдени шаралар ұйымдастырылады.