Қойылым кедей шенеуніктің шинелі тозуға айналуы салдарынан болған оқиғаларды бейнелейді.
21-22 қаңтар күндері Түркістан музыкалық драма театрында «Шинель» спектаклінің премьерасы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Трагикомедия жанрындағы «Шинель» спектаклінде Н.В.Гогольдің кедей шенеунік Акаки Акакиевич Башмачкиннің өмірін сипаттаған повестінің желісінде сахналанған. Қойылым кедей шенеуніктің шинелі тозуға айналуы салдарынан болған оқиғаларды бейнелейді. Бұл қойылымнан әлсіз, қауқарсыз адамның қатыгез қоғамға қарсы әрекеті арқылы, адами қасиеттерді бағалауды үйренеміз.
Спектакль режиссері – Фархад Молдағали, театрдың көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова, пластика режиссері – Шырын Мустафин, педагог-консультант (актер шеберлігі) – Ерлан Карибаев, композиторы – Ербол Нариманұлы.
Басталуы: сағат 19:00-де