Түркістан музыкалық драма театрының гастрольдік сапары басталды

0
553

«Беу, қыздар-ай» комедиясын сахналады.


Түркістан музыкалық драма театрының гастрольдік сапары басталды

Түркістан музыкалық драма театрының аудан, қалалардағы гастрольдік сапары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының бес жылдығына орай, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өңірдегі танымал өнер ұжымдарын шалғай аудан, қалаларға гастрольдік сапармен жіберу туралы тапсырмасы аясында Сайрам және Сарыағаш ауданында Түркістан музыкалық драма театрының ұжымы Қанабек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» комедиясын сахналады. Шымкент өзбек драма театрында және Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде өткен кеште аудан тұрғындары мен қонақтары тегін тамашалап, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.


Музыкалық комедия – Кеңес заманында Социалистік Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваға арнап жазылған шығарма. Спектакльді заманауи сахналаған талантты, жас режиссер және композитор – Олжас Жақыпбек, театрдың көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова. Қойылымның көтерген тақырыбы әлеуметтік желінің белең алуы, ауылдағы білікті мамандар тапшылығы, қыздарға өзіне лайық теңін табудың қиындығы сияқты келелі мәселелер болып саналады. Әзіл мен әннен құралған, махаббат тақырыбындағы «Беу, қыздар-ай» комедиясы қаланың өнерлі де, өрелі үш жігіті өмірлік серігін іздеп ауылға аттанады. Бірі – режиссер, бірі – ақын, бірі – композитор.


Айта кетейік, дәл осы «Аруы әсем ауданға» гастрольдік сапары 5 желтоқсанда Жетісай драма театрында, 11 желтоқсанда Ордабасы ауданындағы мәдениет үйінде ақысыз негізде жалғасады.