ТҮРКІСТАН: Облыстық «БАЛДӘУРЕН – 2023» жас әншілер байқауы өтті

0
1 130

15 өнерпаз қатысып, бақ сынады.


ТҮРКІСТАН: Облыстық «БАЛДӘУРЕН – 2023» жас әншілер байқауы өтті

Арыста облыстық «БАЛДӘУРЕН – 2023» атты жас әншілер байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласында Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен Арыс қаласы әкімдігі, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, облыстық «БАЛДӘУРЕН – 2023» атты жас әншілер байқауы өтті.


Байқаудың мақсаты аудан-қала өнерпаздары арасында дарынды, әнге қабілеті бар жас балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету, оларды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау шеберлігін шыңдау, ұлттық өнерімізді қадірлеп, жас таланттарды анықтау, олардың үлкен байқауларға қатысуын қамтамасыз ету болып саналады.


Екі кезең бойынша өткен облыстық байқауға мәдениет және өнер саласының кәсіби мамандарынан құралған қазылар төрелік етті. Жалпы балалар байқауына 15 өнерпаз қатысып, бақ сынады.


Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Сайрам ауданынан Мұсырманқұл Нұршатқа бұйырды. Ал Арыс қаласына Мұхамедкәрім Ернар І орын, Ордабасы ауданынан «Назқоңыр» домбырашылар ансамблі мен Кентау қаласынан Жақсылық Айбек ІІ орын, Сарыағаш ауданынан Сәдуақас Сымбат пен Арыс қаласынан Әлиев Абылай ІІІ орын иегері атанды.