Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті

0
605

Өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.


Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Дәурен Сариев ашып, жүргізіп отырды.


Алқалы басқосуға ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи және Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшылығы, облыстық ҚХА жанындағы қалалық, аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен облыстық этномәдени бірлестіктердің Аналар кеңесінің төрайымдары қатысты.


Іс-шарада сөз алған ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінде берген тапсырмаларының орындалу барысына тоқталып, өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, қоғамдағы аналардың рөлі мен жауапкершілігі және ұрпақ тәрбиесі туралы Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Гүлсара Тоққұлова, Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Мухабат Ибрагимова және Түркістан қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлбарам Малбаева сөз қозғап, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.


Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.


Жиынды қорытындылаған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары - Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Дәурен Сариев отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстар ұлттық дәстүрді негізге ала отырып жүйелі жалғаса беретіндігін жеткізді.