Түркістан облысы "Қарапайым заттар экономикасын" дамыту бойынша көш бастады

0
720

Өндірген өнім көлемі 65,9 пайызға ұлғайған.


Түркістан облысы

Түркістан облысында 144 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 144 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан кейін облыс 3-орында тұр. Бұл туралы брифингте 10 айда атқарған жұмысын қорытындылаған облыстық Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбақыт Иманқұлов мәлімдеді.


Оның айтуынша, пандемиялық және постпандемиялық кезеңге қарамастан бизнес өкілдерінің табысы артып, олар өндірген өнім көлемі 65,9 пайызға ұлғайған.


«Түркістан облысы - шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізу үшін қолайлы бизнес климат қалыптасқан өңір. Экономиканың негізгі драйвері болып табылатын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өңірімізде жылдан жылға өсуде. Стратегиялық картада ШОБ-тың экономикадағы үлесін осы жылда 21,9 пайызға жеткізу міндеттелген болса, бұл көрсеткіш қазіргі таңның өзінде 22,1 пайызға жетт. «Қарапайым заттар экономикасы» бағытында 41,4 млрд теңгеге 308 жоба мақұлданды. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Ал, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде 2 035 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді», – деді Н.Иманқұлов.


Сонымен қатар, облыста өңірлік «Атамекенмен» бірлесе ірі кәсіпкерлердің инвестициясының көмегімен микробизнесті, стартаперлерді қолдау үшін «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасы бастау алған. Жобаның екі маусымы өткізіліп, 16 потенциалды жоба жүзеге асырылуда.