Түркістан облысында 4334 су нысаны бар

0
547

23 коммуналдық жағажай ашуға және талаптарға сәйкес жабдықтауға қолдау көрсету жөнінде ұсыныс берілді.


Түркістан облысында 4334 су нысаны бар

Түркістан облысында шомылу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыста жалпы 4334 су нысандары бар. Олар: 42 су қойма, 149 ірі және кіші өзен, 25 көл, 2870 канал және 1248 қашыртқы.


Мәжілісте шомылуға белгіленген орындарда 23 коммуналдық жағажай ашуға және талаптарға сәйкес жабдықтауға қолдау көрсету жөнінде ұсыныс берілді.


Елді мекендер аумағынан өтетін каналдар мен арықтарға балалардың абайсызда құлап кету жағдайлары тіркелуде. Өткен жылғы статистика көрсеткендей, суға бату оқиғасының 40-50%-ы ауылдық жерлердегі канал, арықтарда болған. Былтыр балалардың абайсызда каналдарға құлап кетуінің алдын алу мақсатында «Түркістан» магистралды каналының 18 шақырымына әр бір 500 метр сайын жалпы 24 баспалдақ орнатылды. Баспалдақтардың тұсына 4 метрлік құтқару арқандары ілінді. Мақтаарал ауданында «К-18» каналында 1200 метр және Қазығұрт ауданында «Газалкент» каналының екі жағынан 5 мың метр темір қоршаулар орнатылған.


Шомылатын орындары жоқ аудандардың елді-мекендерінде 2023 жылы 2,6 млн теңгеге 28 модульді-каркасты бассейн сатып алынып, жалпы 71 каркасты бассейн жұмыс істеген. Биыл да жұмыс жалғасады. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің бассейндерінде жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларын тегін шомылдыру, жүзуге үйрету мақсатында меморандум бекіту жұмыстарын жүргізіледі. 2023 жылы меморандум аясында 5000-ға жуық бала шомылған.


Шомылу маусымы барысында судағы қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат жұмыстарына еріктілер мен жасақшылардың тартылуы оң нәтиже әкелуде. Биыл жұмыспен қамту орталығынан 71 адам (2023 жылы – 68) алынды және жыл басынан 262 ерікті үлкен үлесін қосуда.