Түркістан облысында 7 жігіт жоғалып кетті

0
1 103

Біреуі мектеп оқушысы.


Түркістан облысында 7 жігіт жоғалып кетті

Түркістан облысының құтқарушылары жоғалған жеті адамды іздестіруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының құтқарушылары Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған 7 адамды іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Олардың жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне 2021 жылғы 25 мамырда сағат 18:30-да келіп түсті.
21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек болған. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Өткен тәулікте іздестіру топтары 37 шақырымға жуық таулы аймақты жаяу аралады. Екі пилотсыз ұшу аппараты арқылы 4 шақырым радиуста іздестірілген.

Ауа райының қолайсыздығына (тұман, ала бұлт, таулы жерлердегі найзағай) байланысты «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағын Шымкент қаласынан әуеге көтеру мүмкін емес.

Кейбір деректерге сүйенсек, жоғалып кеткен 7 жігіттің бірі 10 сынып оқушысы.