ТҮРКІСТАН: Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің заттары табылды

0
810

Туристердің бірінің анасы табылған заттардың арасынан өз баласының киімін таныды.


ТҮРКІСТАН: Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің заттары табылды

Өгем өзенінің бойынан тауда жоғалған туристердің заттары табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


8 маусым күні сағат 13:10-да Түркістан облысы Төле би ауданының Айғыржыққан және Өгем өзендерінің қосылған тұсынан 500 метр қашықтықта тауда жоғалған туристердің заттары (жемпір, аяқ қиім, ұйықтауға арналған қап) табылды. ТЖМ құтқарушылары оларды полиция қызметкерлеріне табыстады. Туристердің бірінің анасы табылған заттардың арасынан өз баласының киімін таныды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.


«Қазіргі уақытта жоғалған екі туристті іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Аймақта «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағыменаэровизуалды барлау жұмыстары жүргізілуде. Іздестіру жұмыстары 15 тәулік бойы жалғасуда. Оған Түркістан облысы ТЖ, Полиция департаменттерінен,ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 137 қызметкер, 17 бірлік техника, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары тоғыз бағытта жүргізіліп жатыр», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тауда жоғалған жеті туристің үшеуі құтқарылып, екеуінің денесі табылғанын хабарлаған едік.