Түркістан облысында әлеуметтік дүкендер көбейді

0
385

Әлеуметтік бұрыштарда 19 түрлі азық-түлік тауарлары сатылады.


Түркістан облысында әлеуметтік дүкендер көбейді

Түркістан облысында әлеуметтік дүкендер саны артқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында 30 әлеуметтік дүкенде және 4 ірі сауда үйлері мен 25 сауда орнында ұйымдастырылған әлеуметтік бұрыштарда 19 түрлі азық-түлік тауарлары сатылады. Қажетті азық түрлері тұрғындарға арзандатылған бағамен ұсынылады. Бұл жайында «Түркістан» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева мәлімдеді.


Сонымен қатар, департамент директоры 2024 жылғы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.


«Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы тұрақтандыру қорында жалпы құны 4 млрд 275,9 млн. теңгеге 15 314,7 тонна азық-түлік және 2 911 мың дана жұмыртқа өнімі бар. Сондай-ақ, Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейту мақсатында қазіргі таңда «Жаңа қала» мөлтекауданынан қосымша 6 әлеуметтік дүкен салынып жатыр. Тұрақтандыру қорына 2015 жылы облыстық бюджеттен 1,8 млрд. теңге, 2022 жылы 1 млрд.теңге, 2023 жылы 4,4 млрд.теңге бөлінді. Барлығы 7,240 млрд. теңгені құрап отыр»,- деді мәлімдеді Лаура Сақтағанқызы.


Сонымен қатар, облыс көлемінде бағаны негізсіз өсірмеу, сауда үстемесін асырмау, өндірушіден сауда нүктесіне дейінгі баға тізбегін қарау бойынша, делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Жыл басынан бері комиссияның 10 отырысы өтіп, 18 нысанға қатысты бағаның өсуіне және бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарға байланысты шаралар қабылданған. Бұл жайында Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауда бөлімінің басшысы Абай Шенгелбаев айтты.


Айта кетерлігі, әлеуметтік дүкендер қазіргі таңда Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Шардара, Сарығаш, Жетісай аудандарында жұмыс істейді. Алдағы уақытта өзге де аудандарда ашу жоспарланып отыр.