Түркістан облысында арақ сатпайтын ауылдар көбейіп жатыр

0
2 483

Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысына қатысушылар аудан халқына арақ пен темекіден, есірткіден бас тарту жөнінде үндеу жариялады.


Түркістан облысында арақ сатпайтын ауылдар көбейіп жатыр

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Түркістан облысының Ордабасы ауданында ел зиялыларының басын қосқан жиыны өтіп, онда ішімдіктің елімізге, келешегімізге қаншалықты қауіпті екендігі кеңінен сөз болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жалпы бұл бастама Ораза айында басталған. Содан бері бірнеше ауылдарда кездесулер мен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген. Аты-жөнін атамауды сұраған азаматтың айтуы бойынша, Ордабасы аудандық орталық мешіті алғаш бастама көтерген.

Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысына қатысушылар аудан халқына арақ пен темекіден, есірткіден бас тарту жөнінде үндеу жариялады. Бұл игі іс көпшіліктен қолдау тауып, әр ауылдарда осы бағытта қызу жұмыс жүргізілді. Нәтиже де бар, арақтан бас тартқан Жусансай ауылында ішімдіктің кесірінен болатын қылмыс атау­лы жойылды. Осы сауапты амалды Көктөбе, Қайнар, Шұбарсу ауылдарының тұрғындары да қолдады. Аманкелді ауылында елді мекенде ішімдік сатпау жөнінде үлкен іс-шара өткізілді.

Осылайша аудан зиялыларының үндеуін жақтаған Аманкелді ауылында «Ішкілікке орын жоқ» деген қорытынды жасалды.