​Түркістан облысында «Денсаулық жолы» республикалық шарасы бастау алды

0
1 215

5 тамыздан 9 тамыз аралығында барлық аудан, қалаларда жыл сайынғы өтетін республикалық «Денсаулық Жолы» акциясы өтеді.


​Түркістан облысында «Денсаулық жолы» республикалық шарасы бастау алды

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыс қаласына жақын аумақта орналасқан ауылдардың халқы ауқымды шараға қатысуда. Ордабасы ауданы Қараспан, Мақташы, Сарыарық, Семхоз, Ақжол елді мекендердінің тұрғындары терапевт, эндокринолог, офтальмолог, педиатр, онколог, психологқа қаралып, ЗОЖ мамандары мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша кеңес алуда.
5 тамыздан 9 тамыз аралығында барлық аудан, қалаларда жыл сайынғы өтетін республикалық «Денсаулық Жолы» акциясы өтеді.
«Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты болып тұрғындардың денсаулығын тұз, қант, майлар (майлар, трансмайлар) жоғары мөлшері бар тағамдарды шектеу немесе қолданбау денсаулыққа пайдасы туралы хабарлау, дененің артық салмағы, семіздік қаупін төмендету мен жұқпалы емес аурулардың алдын-алу үшін тұрғындарды салауатты өмір салты негіздеріне үйрету арқылы өз денсаулықтарын сақтау мен нығайту.
Сіздерге арнайы медицина мамандарынан құралған мобильді топ медициналық, профилактикалық кеңестер береді. Онколог, офтальмолог, эндокринолог және т.б. дәрігерлерден құралған жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдық елдімекендерге шығады. Сонымен бірге әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша да мәлімет алуға болады.
Қосымша ақпаратты барлық аудан, қалалардың орталық емханасынан біле аласыздар.
Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздеңіз! Уақтылы скринингтік тексерулерден өтіп, өз денсаулығыңызды күтіңіз!