Ауыл шаруашылығы өнімі өткен жылдан 77 млрд.теңгеге артып, 706,0 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде.
Түркістандық бақша өнімдерінің жартысынан көбі экспортталады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ..
Түркістан облысында бақша дақылдарының 53%-ы экспортталады. Өзге өңірлерді жеміс-жидек, көкөнісімен қамтамасыз ететін жері құнарлы өлке осылайша бүкіл Қазақстан халқының қажеттілігінен 3.2 есе артық бақша өнімдерін өндіреді. Бақша өнімі Түркістан облысы үшін экспортқа бағытталған мақтадан кейінгі екінші өнім болып отыр.
Облыстың табиғи климаттық ерекшелігіне орай, ерте пісетін бақша, көкөніс, картоп өнімдерін жинау қарқынды жүргізілуде. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, пияз, сәбіз, қызанақ, қияр еккен 10276 шаруа қожалықтары 1 га-дан орташа 1,5-2 млн. теңге төңірегінде табыс көреді. Диқандар жылына екі-үш өнім алу мен жаңбырлатып суару жүйесін мықтап қолға алған. Алдын-ала жасалынған есеп бойынша биыл 2,8 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерін жинау күтіліп отыр. Бүгінгі күнге 1,8 млн. тонна немесе 64%-ы жиналған.
Сондай-ақ, 6 айда атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша, өңірде 60 пайыз астық орылып, гектар түсімділігі 19,0 центнерден 261,1 мың тонна астық қамбаға құйылған.