Түркістан облысында күрделі лапароскопиялық ота жасалды

0
813

Шалғай аудан тұрғындары бұған дейін облыстық клиникалық ауруханаға жолданатын.


Түркістан облысында күрделі лапароскопиялық ота жасалды

Төлеби ауданында күрделі лапароскопиялық ота түрі жасалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби аудандық орталық ауруханасында алғаш рет лапароскопиялық әдіспен ота жасалды. Аталған ота барысында аудандық аурухананың ота бөлімінде облыстық клиникалық аурухананың хирург мамандарымен бірлесе екі науқастың өт қабы алынды. Шалғай аудан тұрғындары бұған дейін облыстық клиникалық ауруханаға жолданатын. Енді емдеу мекемесіне биылғы жылы арнайы медициналық құрал-жабдық алынып, тұрғындар сапалы емді аудан ауруханасынан қабылдай алатын болды.

Төлеби аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қарлығаш Омарованың айтуынша, бұл тәсілмен бүйрек, бауыр ауруларының көптеген түрін емдеу жоспарлануда. Дәрігерлер осы мақсатта біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасқан. Қазіргі таңда ота бөлімінде орта және кіші буын қызметкерлерін қоса алғанда 26 медицина қызметкері жұмыс істейді. Биылғы жылдың өзінде мұнда 400-ге жуық ота жасалған. Бөлімшеде өт қалтасындағы тасты алу, жарыққа және кеуде мен асқазанды емдеуге арналған ота түрлері жасалады.