Түркістан облысында қысқы маусымға дайындық жүргізілуде

0
821

1 003,2 мың тонна отын қажет.


Түркістан облысында қысқы маусымға дайындық жүргізілуде

Түркістан облысында қысқы маусымға дайындық қарқынды жүріп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысына жылыту маусымында қажетті қатты отын көлемі 1 003,2 мың тонна. Бүгінде тасымалданғаны 294,1 мың тоннаны құрап отыр. Бұл туралы Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев айтты. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте өңірдің қысқы кезеңге дайындық бойынша егжей-тегжейлі баяндалды.

«2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы жоспарға сай жүргізілуде. Облыс бойынша 586 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Қысқы маусымға дайындалғаны 442 тұрғын үй. Ал 2623 бюджеттік мекемелерді алдағы жылу маусымына дайындау жоспарланған, бүгінгі күнге 2253 мекемеге дайындық жұмыстары жүргізілді», - деді Ерік Темірханұлы.

Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Шерзат Сүттібаевтің мәліметінше, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары қысқы мерзімде күтіп ұстау жұмыстарына дайын. Жалпы 4152,34 шақырым жолдың 1943,3 шақырымы бірінші кезектегі қардан тазаланып, инертті материалдар себілетін жолдар болса, оның ішінде 434 шақырымы таулы өңірлердегі қар қатты басып қалуы қаупі жоғары аймақтар.