Түркістан облысында теміржол туннелі опырылып құлады (видео)

0
521

Енді теміржол өткелінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындауды жоспарлап отыр.


Түркістан облысында теміржол туннелі опырылып құлады (видео)

Түркістан облысы мен Шымент қаласының шекарасында теміржол туннелінің бір жағы құлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2024 жылдың 3 наурызы күні сағат 16:30 шамасында Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының шекарасында орналасқан облыстық маңызы бар «ШҚ 97» автомобиль жолындағы теміржол туннелінің бір жағы опырылып құлады. Оқыс оқиғаның нәтижесінде 40 минуттық көлік кептелісі пайда болған.

«Бұл теміржол көпірі «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның меншігінде. Оқиға орнына «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның тиісті қызметкерлері мен Сайрам ауданы әкімдігінің қызметкерлері уақтылы барып, жолды қоқыстардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Ресми жауапқа сүйенсек, енді Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы теміржол өткелінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындауды жоспарлап отыр екен. Қазіргі уақытта жол ашық.