Түркістан облысында тойханалардың жұмысы тоқтатылды

0
1 778

Карантин талаптарын сақтамаған.


Түркістан облысында тойханалардың жұмысы тоқтатылды

Түркістан облысында карантин талаптарын сақтамаған 7 тойхананың жұмысы тоқтатылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында мобильді топтар құрылған. Олардың жалпы саны - 104. Жыл басынан бері мобильді топ құрамы мен полиция қызметкерлері 87730 нысанды аралап, 1745-нен карантин талаптарын бұзғаны анықталған. Талапқа бағынбаған 7 тойхана мен 1 компьютерлік клубтың жұмысын уақытша тоқтату бойынша сот шешімі шықты. Бұл туралы брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді.

«Карантин талаптарын сақтамағандардың қатарында жеке кәсіпкерлер саны - 46, заңды тұлғалар - 2, лауазымды тұлғалар - 26, жеке тұлғалар - 1671. Тыйым салынған 235 мерекелік іс-шара тіркелді. Сондай-ақ, 51 көкпар ұйымдастырылғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, көпшілік орында бетперде тақпау, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс режимін сақтамауы сынды деректер тіркелуде. Мәселен, бір күннің ішінде Сайрам, Сарыағаш, Мақтарал, Отырар, Ордабасы, Қазығұрт аудандарында 7 отбасылық мереке ұйымдастырылған. Жалпы нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425 бабының 1-бөлігі бойынша 98 580 015 теңге айыппұл салынды. Сондықтан барша облыс тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырамыз», - деді Асқар Бекболатұлы.

Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері кәсіпкерлердің жұмысына жеңілдік жасап, тұрғындар үшін тамақтану орындарының жұмыс режимін 9:00-23:00-ге дейін ұзарту туралы қаулы шығарған болатын. Дегенмен, қаулыда көрсетілген уақыт режимін сақтамаған 75 қоғамдық тамақтану орындары анықталған.